Жаңалықтар

"Ағыраптағы аты жоқ адам" кітабының таныстырылымы өттеді.

Құрметті оқырмандар, Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 20 маусым сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облысындағы өкілі, белгілі жазушы Қанат Әбілқайырдың "Ағыраптағы аты жоқ адам" кітабының таныстырылымы өттеді. Келіңіздер, көріңіздер!
Толығырақ... Оқылды: 141 Санат: Афиша Уақыты: 18.06.2024

«Кедергісіз болашақ» жобасы

18 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында кезекті сабақ өткізілді. Қазіргі таңда Брайль жүйесінде жабдықталған дербес компьютерді 1-ші топ көз мүгедегі Биғайша Уразжанова брайль қәрпін теріп үйренуде.
Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.06.2024

Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай «Тарих – ұлттық бірегейліктің бөлігі» атты OPEN AIR

2024 жылдың 18 маусымында С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасында Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай «Тарих – ұлттық бірегейліктің бөлігі» атты OPEN AIR форматында іс-шара өтті. Жошы ұлысы – 1224 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға бөліп берген еншісі, Моңғол империясының батыс бөлігіндегі аймақ. Өз кезегінде Жошының ұлы Бату хан Ұлыстың жерін кеңейтіп, Еділ маңы, Орыс, Қара теңізі аймағы мен Кавказды жаулап алған. Осылайша Орта ғасырлық Еуропадағы ең үлкен мемлекеттің негізін қалаған. Қазақ хандығының барлық хандары Жошы тұқымынан тарайды, сондықтан оның Ұлысын қазақ мемлекеттігінің іргетасы болды деп санауға толықтай негіз бар. Шараға Талдықорған қаласындағы №1 және №12 орта мектептің жазғы лагерьдегі оқушылары қатысты. Ашық аспан астындағы «Жошы ұлысы – мемлекеттілігіміздің негізі» атты кітап көрмесінде Жошы ұлысының құрылу тарихын бейнелейтін З.Қинаятұлының «Қазақ мемлекеті және Жошы хан», Қ.Нұрм...
Толығырақ... Оқылды: 144 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.06.2024

«Шуақты жаз» жалғасын табуда.

18 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты шара өтті. Үшінші апта жалғасын тапқан маусымдық шарада балалардың бос уақытын, жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту зияткерлік-шығармашылық және спорттық-сауықтыру қызметі процесінде олардың қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында ұйымдастырылып келеді. №1 Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының жазғы лагерь оқушылары мен сынып жетекшілеріне кітапханаға экскурсия жасалды. Сондай-ақ, балалар Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жошы ұлысының жазба мәдениеті» атты OPEN AIR форматында өткен іс-шараға қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.06.2024

«Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шарасы

Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Шуақты жаз» атты маусым айына арналған шара екінші апта жалғасын табуда. Аталған шара балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізу, мәдениетін, дүниетанымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып келеді. 14 маусым күні кітапханаға № 7 К.Ушинский атындағы орта мектептің жазғы лагерь оқушылары мен жетекшілері қатысып, кітапханаға экскурсия жасалып, «Зейін TIME» ойыны ойнатылып, жоспар бойынша ұйымдастырылған «Әке шаңырақтың тірегі» атты отбасылық ойынын тамашалады.
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.06.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика